Қазақстанда жақын туысы қайтыс болған, неке қидырып, балалы болған әскери қызметкерлерге төлем беріледі
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:05
- 54
Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне жәрдемақы және өзге де төлемдерді төлеу қағидаларына өзгерістер енгізді. Тиісті бұйрық 21 сәуірден бастап күшіне енген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мәліметке сүйенсек, бюджеттен үнемдеген қаржының есебінен енді әскери қызметшілерге төленетін материалдық көмек едеәуір көбейген. Кез келген төлемнің ең төменгі көрсеткіші – елдегі ең төменгі жалақыға тең болады.
«Жақын туысы, жұбайы немесе қайын жұртынан жақын туысы қайтыс болғанда төленетін әлеуметтік көмек ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшері - 425 мың теңгеге жетуі мүмкін. Некесін қидырған, баласы туған, бала асырап алған, болмаса мүлкіне залал келіп, еміне қажет болса, оған 255 мың теңге әлеуметтік төлем беріледі», - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.




