Қоғам
Алматыда лифтте қызға шабуыл жасаған 26 жастағы ер адам ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 сәуір, 2026
- 183
Ер адам лифтте қызға шабуыл жасап, дене жарақатын салған.
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтте қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.
Алматы Полиция департаменті бұл дерек бойынша Алатау ауданы полиция басқармасы дереу шаралар қабылдағанын хабарлады.
"Қоғамдық орында агрессивті мінез-құлық танытқан және қызға дене жарақатын салған 26 жастағы ер адам ұсталды. Дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің әрекетіне заңнама аясында жан-жақты құқықтық баға беріледі", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Келесі мақала
Ақтөбе облысында "домбыра харам" деген ер адам ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қазақстан ғылым мен бизнестің арасындағы алшақтықты қалай қысқартпақ?
- авторkyn.kz
- Бүгін, 18:41




