Ер адам "ішекті аспаптар, соның ішінде домбыра да харам" екенін айтқан.
Ақтөбе облысында "домбыра харам" деген ер адам ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған видео кадрларында ер адам "ішекті аспаптар, соның ішінде домбыра да харам" екенін айтқан.
Полиция департаменті жергілікті тұрғынға қатысты діни араздықты қоздыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Тергеу дерегіне сәйкес күдікті әлеуметтік желілерде діни негіздегі араздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікір жариялаған. Ол жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді полиция.
Қылмыстық іс бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.



