Қазақстандықтардың ұялы телефон теңгеріміндегі төлемдері бақылауға алынатын болады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:53
- 55
Қазақстанда ұялы байланыс компанияларына мобильді баланс арқылы жасалатын төлемдерді бақылауға алу тапсырылды, деп хабарлайды KYN.KZ
Қаржылық мониторинг агенттігі ұялы байланыс операторларымен — Tele2, Altel, Beeline, Kcell және Activ компанияларымен кездесу өткізді. Ол жерде абоненттердің мобильді баланстарынан қаражатты есептен шығару арқылы онлайн-казиноға төлем жасау схемаларын көрсетті.
«Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде онлайн-казино белгілері бар 10 интернет-ресурста бақылау сатып алулары жүргізіліп, барлық ұялы байланыс операторларының сервистері пайдаланылды. Нәтижесінде мобильді баланс арқылы төлем жасау мүмкіндігі бар екені анықталды, бұл жұмыс істеп тұрған қаржы арналарының бар екенін көрсетеді», деп хабарлады ҚМА.
Агенттік операторларға келесі шараларды күшейтуді тапсырды:
— күмәнді төлемдерді анықтау және бұғаттау тетіктерін енгізу;
— заңсыз ойын қызметінің белгілері бар интернет-ресурстарға тұрақты мониторинг жүргізу;
— заңсыз ойын платформаларына бағытталған қаржылық операцияларға қолжетімділікті шектеу.



