Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырау колониясындағы өлім: 12 қызметкер жазаланып, басшысы жұмысынан босатылды

Атырау колониясындағы өлім: 12 қызметкер жазаланып, басшысы жұмысынан босатылды
Сурет: Риа новости
Қызметтік тексеріс барысында қызметкерлердің жұмысында заң бұзушылықтар анықталған.

Атырау колониясындағы өлімнен кейін тексеріс жүргізілді. 12 қызметкердің алтауы қатаң сөгіс алды, біреуіне сөгіс берілді, тағы біріне «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» жасалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ ҚАЖК «№15 мекеме» РМК дерегінше, қызметтік тексеріс барысында қызметкерлердің жұмысында заң бұзушылықтар анықталған.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұдан бөлек мекеме қызметкерлеріне қатысты ҚК 370-бабының 4-бөлігі («қызмет бойынша әрекетсіздік») бойынша бөлек тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін прокуратура колонияның жедел-режимдік жұмысында заң бұзушылықтар анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуды талап еткен еді.

Еске салсақ, 22 наурызда 52 жастағы сотталған азамат камераластары арасындағы жанжалдан кейін қаза тапқан еді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар