Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодар облысында мұғалімдердің жеке деректері тарап кеткен

Павлодар облысында мұғалімдердің жеке деректері тарап кеткен
Сурет: distant-college.ru
Білім беру саласының 2 мыңнан астам қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен,

Павлодар облысында білім беру саласының 2 мыңнан астам қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, 28 білім беру ұйымының құжаттарынан қызметкерлердің жеке деректері анықталған. Олардың қатарында анкеталық мәліметтер, тұрғылықты мекенжайлар және байланыс телефон нөмірлері болған.

"Мұндай ақпараттың жария болуы еңбек заңнамасының нормаларын бұзады және оны алаяқтық мақсатта пайдалану қаупін тудырады", - деп атап өтті прокурор.

Нәтижесінде прокуратураның қадағалау шаралары бойынша Павлодарда білім беру саласының 2 065 қызметкерінің жеке деректері ашық дереккөзден жойылды.

Сонымен қатар кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар