Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Артқы жағыңа ағаш тығайық па?»: Ақмола облысында бір топ бала 1-сынып оқушысын ұрып тастады

«Артқы жағыңа ағаш тығайық па?»: Ақмола облысында бір топ бала 1-сынып оқушысын ұрып тастады
Сурет: Instagram/turar_media
5-сынып оқушылары 1-сыныптың оқушысын жабылып, ұрып кеткен.

Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласында 5-сынып оқушылары 1-сыныптың оқушысын жабылып, ұрып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, оқиға 2 мамыр күні «Махаббат аллеясы» аумағында болған. Қазіргі уақытта құзырлы органдар тарапынан тексеру жүргізіліп жатыр.

 «2 мамыр күні ұлым досымен бірге велосипед тебуге шыққан еді. Сол кезде оны бірнеше бала ұстап алып, ұрып-соға бастаған. Олар: «Қане, таңда, не істейміз? Телефоныңды аламыз ба, әлде велосипедіңді ме? Немесе артқы жағыңа ағаш тығайық па?» – деп қоқан-лоқы көрсеткен. Кейін оны велосипедпен қуып жетіп, соғып кеткен. Соның салдарынан балам басын жиектасқа соғып алды. Келесі күні ұлымның аяғы мен басы ауырған соң, рентгенге түсіру үшін ауруханаға апардым. Аллаға шүкір, бәрі аман, бірақ аяқтары көгерген және тізесі қатты ауырып тұр», – дейді 1-сынып оқушысының анасы.

Оқиғаға қатысты Ақмола облысының Полиция департаменті ресми пікір білдірді.

«Аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың жеке басы анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады», – делінген ПД хабарламасында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар