Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада 2 жасар баланы көлік қағып өлтірді

Астанада 2 жасар баланы көлік қағып өлтірді
Сурет: видеодан скриншот
Кішкентай баланы көлік қағып кетті.

Астанада аулада кішкентай баланы көлік қағып, қаза тапты. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай 3 мамыр күні Иманов көшесіндегі үйдің ауласында болған. Оқиға сәті бейнежазбаға түсіп қалған. Бала небәрі 1 жас 8 айлық болған.

Полицияның мәліметінше, Kia Seltos көлігінің жүргізушісі аула ішінде қозғалып келе жатып, жолға жүгіріп шыққан баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан сәби оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар