Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Электросамокат жүргізушілеріне қатысты ерже мен тыйымдарға өзгерістер енгізілді

Электросамокат жүргізушілеріне қатысты ерже мен тыйымдарға өзгерістер енгізілді
Сурет: turaninfo.kz
Электросамокатпен қайда жүруге тыйым салынғаны көрсетілді.

Ішкі істер министрі 2026 жылғы 27 сәуірдегі бұйрығымен Жол қозғалысы қағидаларына және көлік құралдарын пайдалануға жіберудің негізгі ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат  агенттігі.

Электр самокат жүргізушілері алдымен веложолмен немесе веложолақпен жүруге тиіс. Егер ондай жолдар болмаса:

  • Жолдың оң жақ шетімен, соның ішінде маршруттық көлікке арналған жолақпен (бір қатар болып, белгіленген талаптарды сақтай отырып);
  • Жол жиегімен;
  • Тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен, бірақ сағатына 6 км-ден аспайтын жылдамдықпен және жаяу жүргіншілерге қауіп төндірмей жүруі тиіс.

Бұл талап тек Қазақстанда берілген жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда ғана қолданылады деген ескерту бар.

Осы жылдың 12 шілдеден бастап жаңа норма күшіне енеді:

  • Көлік құралы тоқтатылған жағдайда, жүргізушінің құжаттарын тексеруге немесе көлікті пайдалануға құқығы бар тұлғалар дереу көлікке жақындап, тоқтатудың себебін түсіндіруге тиіс;
  • Жүргізушінің талабы бойынша олар қызметтік куәлігін көрсетіп, оның фамилиясы мен лауазымын атауы қажет, бірақ куәлікті жүргізушіге бермейді.
  • Егер жүргізушінің Жол қозғалысы туралы заң талаптарын немесе осы ережелерді бұзғаны анықталса не автоматты түрде тіркелсе, оған тиісті материалдар танысу үшін ұсынылуы тиіс.

Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркеу стационарлық сертификатталған техникалық құралдар мен құрылғылар арқылы жүзеге асырылған жағдайда, арнайы белгі орнату міндетті емес екені көрсетілген.

Көлік жүргізушілеріне белгіленген тәртіппен бекітілген ең жоғары жылдамдықтан асыруға тыйым салынады.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар