Саясат
Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен кеткен Айбек Дәдебайдың немен айналысатыны белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:20
- 58
Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша Айбек Арқабайұлы қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады
Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен кеткен Айбек Дәдебайдың немен айналысатыны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты.
«Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады», - деді Смадияров.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Айбек Дәдебайды президент әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылып, орнына Роман Скляр тағайындалды.




