Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда мереке және атаулы күндері берілетін әлеуметтік төлем мөлшері 10 мың теңгеден кем болмайды

Қазақстанда мереке және атаулы күндері берілетін әлеуметтік төлем мөлшері 10 мың теңгеден кем болмайды
Сурет: baq.kz
Мереке күндері және атаулы күндерге берілетін төлем үшін төменгі шек енгізілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мереке және атаулы күндері берілетін біржолғы төлемнің ең төменгі шегін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Енді мұндай төлем мөлшері ­- 2,5 АЕК-тен кем болмайды.

"Осыған байланысты жаңартылған қағидаларда біржолғы төлемнің ең төменгі мөлшері бекітілді. Мереке күндері және атаулы күндерге берілетін төлем үшін төменгі шек енгізіліп, енді мұндай көмек 2,5 АЕК-тен кем болмайды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшері - 4 325 теңге.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар