Қоғам
21 жастағы Нұрай Серікбайдың өлімі: ІІМ оқиғада басқа күдіктілердің де бар-жоғын тексеріп жатыр
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:36
- 40
Нұрай Серікбайдың ісі бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр.
Шымкентте қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты ішкі істер министрлігі пікір білдірді. Санжар Әділов қазір тергеушілер қосымша нұсқалар мен жәбірленуші тараптың уәждерін тексеріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл іске қатысты тергеу әлі де жалғасып жатыр
“Жәбірленуші тарап Нұрайды күдіктінің үйіне алып қашып келген кезде сол маңда болған адамдардың қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеруді сұрап отыр. Бұдан бөлек те бірқатар жайт бар. Біз олардың бәрін толық тексеріп жатырмыз”, – деді Әділов.
Еске салайық, қаңтарда Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбайды жас жігіт пышақтап өлтірген болатын. Күдікті марқұм қыздың қыр соңынан қалмай, тіпті алып қашқаны анықталған.




