Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әл-Фараби даңғылындағы үш адамның өмірін қиған жол апаты: іс сотқа жолданады

Әл-Фараби даңғылындағы үш адамның өмірін қиған жол апаты: іс сотқа жолданады
Сурет: ашық дереккөздерден
Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты тергеу жұмыстары қорытынды кезеңге өтті.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты тергеу аяқталып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, тергеу жұмыстары қорытынды кезеңге өтті.

"Алматыдағы жол-көлік оқиғасына қатысты іс аяқталу сатысында тұр. Жақын күндері материалдар танысу үшін зардап шеккен тарапқа, содан кейін күдікті мен оның қорғаушысына беріледі", - деді ол Мәжіліс кулуарында.

Содан кейін іс сотқа жолданады.

Еске салсақ, 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесі қиылысында Zeekr көлігі жоғары жылдамдықпен қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes-ке соғылған. Жол апаты салдарынан Mercedes-тің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар