Қоғам
Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді (Фото)
- автор kyn.kz
- 7 мамыр, 2026
- 207
Отан қорғаушы күніне орай Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді.
Салтанатты рәсімге Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, әскери бөлімдердің, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Мемлекеттік Туды көтеру барысында әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.

Мерекелік іс-шара әрі қарай 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта концерттік бағдарламамен жалғасты.

Концерт Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің сүйемелдеуімен шырқалған «Ұлы елім» әнімен ашылды.

Сахнада танымал отандық эстрада жұлдыздары патриоттық әндер орындады.

Сондай-ақ, қазақ батырлары туралы театрландырылған қойылымдар мен патриоттық хореографиялық композициялар ұсынылды.
Келесі мақала
Құрылтай съезінде «Әділет» партиясының жарғысы бекітілді
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматыда қаланың Бас жоспарына қатысты экологиялық тыңдаулар өтеді
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Қоғам
Декреттік демалыста отырған алматылық ана лотереядан көлік ұтып алды
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026




