Мәдениет
"Соңғы үш минут": Асанәлі Әшімовтың жары оның өміріндегі соңғы минуттарын еске алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 мамыр, 2026
- 100
Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовтың соңғы сөзін айтты.
КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімовтің әйелі Бағдат Әшімова оның өміріндегі соңғы минутын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, Асанәлі Әшмов соңғы үш минутта сөйлеп, содан кейін көзін жұмған.
«Үш минут. Сол соңғы үш минутқа дейін сөйлеп, «Белім ауырып тұр. Кеудеме ауру өтіп тұр. Жатайыншы» деді. Жатқыздым. «Басымды көтерші» деді. Басын көтердім. «Тағы көтерші» деді. Тағы көтердім. Болды. Көзін жұма салды. Өзі де білмей қалды. Ойлаған жоқ. «Кетіп қаламын» деп. Жасанды демалдыру, жүрек массажы бәрін жасадым. Бірақ, үш минут…», - де песке алды Бағдай Әшімова.




