Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Мені бегілей берудің қажеті жоқ": Ләйлә Сұлтанқызы "Балапан" телеарнасына қатысты шыққан дауға пікір білдірді

"Мені бегілей берудің қажеті жоқ": Ләйлә Сұлтанқызы "Балапан" телеарнасына қатысты шыққан дауға пікір білдірді
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Қазақстандық жігіт “Балапан” телеарнасында жұмыс істеп жүргенінде продюсер тарапынан зорлық көргенін мәлімдеген болатын.

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы “Балапан” телеарнасының айналасындағы дауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Нұрғали Нұғман есімді жігіт бірнеше жыл бұрын “Балапан” телеарнасында жұмыс істеп жүргенінде продюсер тарапынан зорлық көргенін мәлімдеген болатын. Осыған байланысты журналист Ләйлә Сұлтанқызы Threads желісінде жазба жариялады.

“Балапан арнасына көптеген компания аутсорсер болып, түрлі хабарлар, сериалдар, мультфильмдер түсіреді. Әр аутсорсер компанияда ондаған, жүздеген адам еңбек етеді. Арна қызметкерлері барлығын танымауы қалыпты жағдай. Арна – тапсырыс беруші, ауторсер компания тапсырылған жұмысты келісім-шарт аясында орындаушы ғана”, – деп жазды ол.

Ләйлә Сұлтанқызы телеарнада 2012-2016 жылдары қызмет еткенін алға тартып және ол кезеңде ер продюсерлер аз болғанын айтты. Сондай-ақ, олардың көбі штаттан тыс жұмыс істеген.

Тележүргізуші көпшіліктен бұл жағдайға қатысты өзін белгілеуді доғаруды сұрады.

“Мені белгілей берудің қажеті жоқ. Жұмыстан бөлек, танитын-танымайтын әріптестердің жеке өміріне, не істеп жүргендеріне араласпағанмын, жеке шекараларынан аттамағанмын”, – деп жазды ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар