Атырау облысында бүтін бір отбасын өлтірді деген күйеубалаға қатысты сот отырысының күні белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 мамыр, 2026
- 66
Атырау облысы Жангелді ауылында бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты 18 мамыр, сағат 11.00-де басталатын болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сот процесі ашық болады.
«Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Жангелді ауылындағы төрт адамның өліміне қатысты іс келіп түсті. Бірінші сот отырысы 18 мамыр, сағат 11:00-де өтеді. Сот процессі ашық болады», - деп хабарлайды «Ақжайық».
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың желтоқсан айында полицияға 66 жастағы ер адамның, 64 жастағы әйелдің, сондай-ақ олардың балалары - 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызының хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түсті. Туыстарының айтуынша, отбасы қараша айынан бері байланысқа шықпаған. Төртеуі де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеуге жарияланды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу тобы құрылған.




