Білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау мектеп ортасының барлық негізгі бағыттарын жүйелі түрде жаңғыртуды көздейді.
Бұл мектептердің техникалық инфрақұрылымын дамыту, заманауи цифрлық білім беру платформаларын енгізу және оқытудың әрбір балаға қажетті траекторияларына кезең-кезеңімен көшу бағыттарын қамтиды. Жасанды интеллект технологияларын пайдалану әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, дайындық деңгейі мен оқу материалын меңгеру қарқынын ескеруге мүмкіндік беріп, оқу процесінің икемділігі мен тиімділігін арттырады. Жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 тамызға дейін пилоттық жобаны іске асыру аясында мектептерді техникалық жабдықтармен, оның ішінде тұрақты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету көзделген.
2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттары бекітілуі тиіс.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматыда қаланың Бас жоспарына қатысты экологиялық тыңдаулар өтеді
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Қоғам
Декреттік демалыста отырған алматылық ана лотереядан көлік ұтып алды
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026




