Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Таразда жол полициясынан қашқан жігіт жанындағы жолаушыны өлтіріп алды

Таразда жол полициясынан қашқан жігіт жанындағы жолаушыны өлтіріп алды
Pinterest
Жол полициясынан қашқан жігіт электор ұстынына соғылды.

Таразда полициядан қашқан 15 жастағы бозбала адам өліміне себепкер болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған "Audi" көлігін тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші полицияны елемеген.

"Ол жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, басқа көліктерге қауіп төндіріп, жасырынуға тырысты. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, электр желісінің бетон тірегіне соғылды. Апат салдарынан бір жолаушы көз жұмды", - дейді полиция.

Көлік рөлінде 15 жастағы бозбала болған. Кәмелетке толмаған бала ата-анасымен бірге полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар