Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Басқа адамның несиесін төлеген қазақстандық, сот арқылы ақшасын қайтарып алды

Басқа адамның несиесін төлеген қазақстандық, сот арқылы ақшасын қайтарып алды
Сурет: informburo.kz
Жауапкерден 569 мың теңге және мемлекеттік баж салығы өндірілді.

Қазақстандық өзгенің несиесін төлеп, соңында сот арқылы ақшасын қайтарып алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жамблы облысы Шу аудандық соты ақшалай қаражатты өндіріп алу туралы талап бойынша азаматтық істі қарады. Сот жауапкер мен микроқаржы ұйымы арасында қарыз шарты жасалғанын анықтады. Талап қоюшы азамат К. жауапкердің міндеттемелері бойынша кепілгер болған.

Жауапкер қарызды қайтару бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты, азамат К. қаржы ұйымы алдындағы берешекті өз қаражаты есебінен өтеуге мәжбүр болған.

Осыдан кейін азамат К. сотқа жүгініп, қарыз алушыдан міндеттемелер бойынша төленген соманы өндіріп алуды талап етті. Дәлел ретінде ол төлем құжаттарын ұсынған.

Сот дәлелдемелерді зерттеп, талап қоюшының кредитор алдындағы қарызды өтеу дерегін растады. Талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Жауапкерден 569 мың теңге және мемлекеттік баж салығы өндірілді. Сот шешім заңды күшіне енді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар