Болашақта ЖИ қандай мамандықтың орнын басатыны белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:43
- 44
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев болашақта жасанды интеллект алмастыруы мүмкін мамандықтарды атады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сенат кулуарында Ербол Тұяқбаевтан жұмыссыздар сны мен жасанды интеллект орнын басатын мамандарды сұрады. Ол Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз болатынын және бұл шамамен 430 мың адам екенін айтты.
Шенеунік Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мәліметі бойынша алдағы 10 жылда ЖИ бухгалтерлер мен "қосалқы персоналды" алмастыруы мүмкін екенін айтты.
"Алдағы 10 жылда, ЖИ жаппай енгізілуіне байланысты, жұмыс орындары қысқаруы мүмкін. Бұл – адамның қатысуын қажет ететін қосалқы персонал, бухгалтерлер, заңгерлер. Мұндай 300-400 мыңға жуық жұмыс орны есептелді. Қазір біз адамдарды қайта оқытып жатырмыз", – деп түсіндірді Тұяқбаев.
Бұған дейін Еңбек министрлігі жасанды интеллект елдегі 2,2 миллионға дейін жұмыс орнына әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.




