Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Салтанат Нүкенованың өлімі: Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Салтанат Нүкенованың өлімі: Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды
Сурет: ашық дереккөздерден
Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бүгін кассациялық сот ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың туысы, Салтанат Нүкенованың өлімін жасырғаны үшін сотталған Бақытжан Байжановқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Шешімді кассациялық соттың судьясы Ерлік Сералин жариялады.

"Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 мамырдағы үкімі және Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 26 маусымдағы қаулысы Бақытжан Әмірханұлы Байжановқа қатысты өзгеріссіз қалдырылсын. Адвокаттар Секеров, Теміржанов және қорғаушы Күлдееваның кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын", - деді судья шешімді оқып.

Байжановтың қорғау тарапы оған жазаны жеңілдетуді сұраған болатын. Атап айтқанда, адвокаттар ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, Байжановтың асырауында жас балалары барын және оның жағымды мінездемелерін алға тартқан.

Жәбірленуші тарап пен прокурор шағымдарды қанағаттандыруға қарсы шығып, бұрынғы сот шешімдерін өзгеріссіз қалдыруды сұраған.

Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы ("Қылмысты жасырып қалу") бойынша сотталған еді. 2024 жылғы мамырда сот оны 4 жылға бас бостандығынан айырды. Кейін апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетсек, 2024 жылғы 13 мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Байжановты кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар