Алматы облысының тұрғыны TeleBingo лотереясынан пәтер ұтып алды (Видео)
- автор kyn.kz
- Бүгін, 16:04
- 248
Алматы облысының тұрғыны он жыл бойы түрлі лотереяға үзбей қатысып келген. Осы жолы өміріндегі ең ауқымды ұтысты жеңіп алды. Мәрлен
таныстарына да, туыстарына да жүлдесі жайлы айтпаған.
«Әрине алғаш естігенде аздап есеңгіреп қалдым. Бұл бір әзіл немесе ойын деп ойлаған сәттерім де болды. Ешкімге айтпауды жөн санадым. Өйткені бұл менің жеке өмірім, жеке қалауым»,-дейді ер адам.
Мәрлен жеке кәсіпкер. Алматы облысында шағын жер учаскесінде үй салып, сонда тұрады. Сәтті Жұлдыздан алған ұтысын қаржылай алуды жоспарлап отыр екен.
«Мен енді өз шешімімді айтар болсам, ақшалай аламын. Оның жартысын қарыздарымды өтеуге жұмсаймын. Өзіңіз білесіз, қазір қарызсыз адам жоқ десек те болады. Қалған ақшаға бастап қойған үйімді реттестіремін»,-дейді Мәрлен.
Пәтер ұтып алған азамат өзге қатысушыларға сәттілік тілеп отыр.
«Менің әрине жеке таңдауым. Лотерея сатып алатын кезде де сондай дабыра етіп ешкімге айтпайтынмын. Үндемей алып қатысамын, ұтсам өзіме, ұтпасам да өзіме реніш жоқ. Бұл әдетімді сондай бір құмарлықпен емес, жай қызығушылықпен қабылдайтынмын. Сол себепті өзге қатысушыларға сәттілік тілеймін. Ал, басқа адамдарға өздеріңіз шешім қабылдаңыздар деп айтар едім. Өйткені біреудің бағы жанып ұтады, біреу сәтсіздікке ұшарайды. Сондай сәтте өзімді айыпты сезінгім келмейді»,-дейді пәтер ұтып алған азамат.
Ал егерде сіз лотерея алып бағыңызды сынап көргіңіз келсе «Сәтті Жұлдыз» қосымшасын телефоныңызға жүктеп алып, ұтыстар жайлы ақпараттан хабардар болып отырыңыз.
Одан бөлек https://sz.kz/dz-3, https://sz.kz/game?gameid=1079&ispack=true сілтемелері арқылы билет сатып ала аласыз.


