Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанадағы кейбір дәмханалар мен мейрамханаларда ит еті араласқан фарш сатылған

Астанадағы кейбір дәмханалар мен мейрамханаларда ит еті араласқан фарш сатылған
Сурет: kanal-o.ru
Қоғам белсендісі кейбір дәмханаларда ит еті араласқан фарш сатылғанын айтады.

Қоғам белсенділері Сергей Снегирев пен Темірлан Тоспаев Тимур Балымбетовтің "ЧЕСТНОГОВОРЯ" подкастында ит етінің көлеңкелі айналымы мен жануарларды аулау жүйесіндегі заңсыз схемалар жөнінде айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Олардың айтуынша, Астанада тінту кезінде 750 келі ит еті табылып, кейбір қоғамдық тамақтану орындарына аралас фарш жеткізілген.

Зообелсенді Темірлан Тоспаевтың айтуынша, Оралда қаңғыбас иттерді аулау бойынша тендерді ет өңдейтін компания жеңіп алған.

Сарапшылардың айтуынша, осы саланың артында үлкен ақша, көлеңкелі схемалар мен қатыгездікке толы жүйе жатыр. Тіпті ит етінің заңсыз айналымы туралы да даулы мәлімдемелер айтылған.

"Ит етінің айналымын да әлі толық жарияламадық. Қазір ол туралы айтпай ақ қояйық,  бірақ бұл жерде өнеркәсіптік деңгейде дайындалған ит еті туралы айтып отырмын. Тіпті дәстүрлі корей асханасы жайлы емес. Әңгіме қоғамдық тамақтану орындары туралы. Соның ішінде Астанадағы дәмханалар мен мейрамханалар туралы. Мұның бәрі сотпен дәлелденген", – деді Сергей Снегирев.

Қоғам белсендісі Сергей Снегирев қоғамдық дәмханалардың кейбіреулеріне ит еті араласқан фарштар сатылған.

"Қоғамдық дәмханалар тұтас емес, аралас тартылған ет сатып алған. Қарапайым тілмен айтқанда, ит еті араластырылған фарш. Мұның бәрі сот қаулысында көрсетілген, дәлелденген нәрсе. Бұл өсек емес. Әңгімелердің аудиожазбалары бар, бақылау мақсатындағы сатып алу жүргізілген", – деді қоғам белсендісі Сергей Снегирев.

Сергей Снегиревтің сөзінше, ол адамның үйін тінту кезінде 750 келі ет тәркіленген. Кейбір деректер толық дәлелденбегенімен, қаңғыбас жануарлар төңірегіндегі көлеңкелі схемалар туралы күмәнді жайттар аз еместігін айтады.

"Мысалы, бірнеше жыл бұрын Алматы облысының Қарасай ауданында волонтерлер өз беттерінше зерттеу жүргізіп, иттерге арналған арнайы қасапхананы тапты. Сол жерден өлтіруге дайындалып тұрған тірі иттер, тіпті олардың арасында иесі бар иттер де болған. Қаңғыбас иттермен араласып жатқан", – деді қоғам белсендісі Сергей Снегирев.

 

Оның сөзінше, иттерді ұстап, изоляторға қамау арқылы олар бюджеттен ақша алған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар