Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бас мүфти кәсіпкерлерді Құрбан айтта мал бағасын қымбаттатпауға шақырды

Бас мүфти кәсіпкерлерді Құрбан айтта мал бағасын қымбаттатпауға шақырды
Сурет: amin.kz
Құрбан айт күндері Қазақстанның әр өңірінде қайырымдылық және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерді мал бағасын негізсіз көтермеуге шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Астанада Құрбан айт мерекесіне дайындыққа арналған баспасөз мәслихатында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

 «Осы ретте еліміздегі барлық кәсіпкерлерді Құрбан айт кезінде мал бағасын қолдан қымбаттатпауға шақырамын. Халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, қолжетімді баға ұсынсаңыздар екен дейміз. Сонымен қатар күнделікті тұтынатын азық-түлікке де мүмкіндігінше жеңілдіктер жасаған дұрыс болар еді», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айтуынша, Құрбан айт күндері Қазақстанның әр өңірінде қайырымдылық және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, мешіттердің жанынан киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар мен рухани кештер өткізіледі.

Бас мүфти тұрғындарды мереке кезінде ұлттық киім киіп, ұйымдастырылатын шараларға белсенді қатысуға шақырды. Ол ұлттық дәстүрді сақтау маңызды екенін атап өтті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар