Атыраудағы отбасының өлімі: Сұлтан Сәрсемалиевтің Индонезияға қалай қашып кеткені туралы белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:10
- 42
Бүгін Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт адамның өліміне күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты бірнеше қылмыстық істің мән-жайы айтылып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бүгін тергеу басты күдіктінің Қазақстаннан қалай қашып кеткенін баяндап берді.
«Тергеудің нұсқасына сенсек, Сәрсемәлиев екі балдызы мен қайын атасын және қайын енесін өлтірген соң олардың атына несие алған және олардың жеке мүліктерін иеленіп алған. Ол ақшаны өз керегіне жаратқан. Полиция адамның жоғалғанына байланысты әрекет ете бастағанда, Сәрсемәлиев Атыраудан қашуды ойлай бастаған. Сұлтан Сәрсемәлиев әйелі Ақбаян Мұқанғалиевті Қазақстанда тастап кетуі қауіпті деп санаған. Сондықтан, оны ертіп «Қапланбек» шекара бекеті арқылы Қазақстаннан Өзбекстанға өткен. 13 желтоқсан күні Ташкент – Куала-Лумпур – Бали бағыты бойынша Индонезия аралына кеткен», - деп жазады «Атырау тудей» сайты.
Осылайша, Сұлтан мен Ақбаян Балиде екі ай жасырынған. Алайда, виза уақыты өтіп кеткен соң, 2026 жылдың 24 ақпанында Индонезияның көші-қон қызметі оларды ұстап, ары қарай Қазақстанның органдарына тапсырған. Ал, наурызда Сұлтан Сәрсемәлиевтің қылмысы әшкере болып, 9 наурызда соңғы екі адамның мәйіті табылған.




