Мәдениет
«Ерін арқылы сүйісу сұмдық»: қызымен сүйісіп амандасқан Қайрат Нұртас сынға қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:36
- 34
Қайрат Нұртастың өз қызымен сүйісіп амандасқаны көпшілікке жақпай қалды.
Танымал әнші Қайрат Нұртастың қызы Алаумен амандасқаны көпшілікті шошытты. Желі қолданушылары әке мен қыздың ернімен сүйісіп амандасқаны жақпай қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Әке мен қыз арасындағы махаббатты түсінемін. Бірақ еріннен сүйіп амандасу қаншалықты дұрыс?", - деп Threads қолданушысы көпшілікке сауал жолдады.
Желі қолданушылардың бір бөлігі Қайрат Нұртастың қызының ернінен сүйіп амандасқанын дұрыс көрмесе, енді кейбірі әр отбасының өз ережесі барын алға тартуда.
Олар "Ерін түгіл папамызды жылына бір рет құшақтаймыз", "Әкеңмен ерін арқылы сүйісу сұмдық қой", "Әр отбасының өз ережесі бар","Сүйсе өз қызы, қумай отырыңдаршы" деп жазған олар.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
Президент Олжас Сүлейменовті 90 жасқа толуымен құттықтады
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 мамыр, 2026
Мәдениет
Депутат Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға көлік сыйлады
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 мамыр, 2026




