Спорт
"Рингті сағындық!": допинг дауына қалған Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:12
- 5
Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан оралатынын айтты.
Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы уақытта да жекпе-жектер өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
"6 жасымда қолғап киіп едім, міне 27 жылдан бері рингте жүр екем! Бір іспен тұрақты түрде 27 жыл айналысу да оңай емес! 4 бұрышты рингте не көрмедік?! Әлі де көреріміз көп! Рингті сағындық! Жанкүйерлердің де өнерімізді сағынып қалғанын білемін! Бұйыртса желтоқсанда әлем чемпионы титулымды қорғаймын", - деп жазды Әлімханұлы.




