Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 21 мамырға арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:16
- 48
Синоптиктер 21 мамырға арналған Қазақстан қалаларындағы ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +13…+15°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Күннің соңына қарай өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +27…+29°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +23…+25°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +21…+23°C.
Атырауда аз бұлтты ауа райы болады, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +32…+34°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашынсыз. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +26…+28°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +15…+17°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Түнде жаңбыр жауып, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +13…+15°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Кей уақытта жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +26…+28°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Түнде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +15…+17°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +27…+29°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +15…+17°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +12…+14°C.
Семейде құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +27…+29°C.
Таразда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Түннің бірінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +29…+31°C.
Оралда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +28…+30°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты ауа райы болады, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +23…+25°C.


