Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Президенттің туысы емеспіз» — Азамат Үсімбеков компания төңірегіндегі дауларға жауап берді (Видео)

«Президенттің туысы емеспіз» — Азамат Үсімбеков компания төңірегіндегі дауларға жауап берді (Видео)
ulysmedia.kz
“VD Stroy Engineering” компаниясының жетекшісі Азамат Үсімбеков соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселелерге алғаш рет ашық пікір білдірді.

 Кәсіпкер компания атына айтылған сындарға, журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іске және билік өкілдерімен байланыс туралы тараған қауесеттерге тоқталды.

Соңғы айларда “VD Stroy Engineering” бірнеше даулы жағдайдың ортасында қалды. Соның бірі — журналист Ботагөз Омароваға қатысты қозғалған іс. Бұл жағдай журналистің компания туралы жариялаған материалдарынан кейін қоғам назарын аударған еді.

Сұхбат барысында Азамат Үсімбеков жұмысшылар және мердігерлермен арадағы даулар, “Азаттық” жариялаған материалдар, президенттің туыстарымен байланыс жөніндегі әңгімелер, сондай-ақ компанияның ірі тендерлер мен миллиардтаған инфрақұрылымдық жобаларға қатысуы туралы сұрақтарға жауап берді.

36 жастағы кәсіпкердің айтуынша, олардың отбасы құрылыс саласындағы бизнесті Ақтөбеде 20 жылдан астам уақыт бұрын бастаған. Қазіргі таңда компания жұмысын республика көлемінде дамытып отырғанын айтқан Үсімбеков өздерінің ешқашан билікпен немесе президенттің туыстарымен байланысы болмағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ ол өзі мен компаниясына қатысты түрлі қаралау мен қауесеттерге де пікір білдірді.

P.S. Біз үшін бұл оқиғаға қатысы бар барлық тараптың пікірін жариялау маңызды. Біз ешкімді ақтамаймыз және айыптамаймыз. Негізгі мақсат — әртүрлі көзқарасты көрсету және оқырманға өз қорытындысын жасауға мүмкіндік беру.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар