Қазақстандағы аэротаксимен жүру қанша болатыны белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:45
- 19
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев үкіметте өткен брифингте Қазақстанда аэротаксимен ұшудың бір шақырымы қанша тұратынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бозымбаевтың айтуынша, аэротаксимен ұшудың болжамды құны бір шақырымға шамамен бір доллар болады.
"Мәселен, жолаушы Алматы әуежайына ұшып келді делік. Қазір кептеліске байланысты жол бір жарым-екі сағат уақыт алады. Маңайда дрондарды орналастыру жоспарланған: адам ұшуды алдын ала брондайды. Қазір бұл шамамен шықырымына бір доллар, мысалмен айтқанда, 15 шақырым үшін адам 15 доллар төлеп, діттеген жеріне жетеді", – деді Бозымбаев.
Жоспар бойынша әуежайдан Алматы орталығына дейін ұшу құны 7-8 мың теңге көлемінде болмақ.
"Бизнес үшін бұл бәсекелестік тудырады, уақыт өте келе одан да арзандай түседі. Сондай-ақ жеткізу қызметі де дамиды. Біз жалпы Алатаудағы ғимараттардың барлық жобалық шешімдері жеткізуді ұйымдастыру үшін жолаушыларға да, жүк дрондарына да бейімделген болуын жоспарлап отырмыз", – деп түсіндірді Бозымбаев.




