Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтар сапасыз интенет үшін төлеген ақшасын қайтарып алды

Қазақстандықтар сапасыз интенет үшін төлеген ақшасын қайтарып алды
Сурет: acrylicwifi.com
Кейбір тұрғындарға сапасыз интернет үшін ақшалары қайтарылды.

Жетісу облысының тұрғындары сапасыз интернетке шағымданып, сот арқылы ақшаларын қайтаруды талап етті. Нәтижесінде 10 пайдаланушыға 315 мың теңге қайтарылды деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі .

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Болат Танабергенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

“Жетісу облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сапасыз интернет және байланыс қызметі үшін төленген қаражатты өндіру мәселесі бойынша 10 тұтынушының құқығын қорғау мақсатында Талдықорған қалалық сотына талап арыз берді. Нәтижесінде сот ұйғарымымен 10 тұтынушыға 315 мың теңге қайтару міндеттелді”, – деді Танабергенов.

Кейін ол тұрғындардың алдымен интернет жеткізуші компанияға жүгінгенін нақтылады. Олар 40 күннен астам уақыт бойы сапалы байланыс болмады деп шағымданған. Осыдан кейін өңір тұрғындары тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық департаментке шағым түсірген.

“Компания сол күндері байланыс қызметін көрсетпегенін мойындап, ақшаны қайтарды”, – деп қосты Болат Танабергенов.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар