Мектептерде ТЖБ мен БЖБ-ның орнына басқа бағалау жүйесі енгізілуі мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:30
- 29
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова еліміздің мектептері ТЖБ мен БЖБ-дан бас тартуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Үкімет брифингінде бұрынғы бақылау жұмыстары, диктант қайтарылатынын айтты.
"Оқу-ағарту министрлігі ТЖБ және БЖБ бойынша кең ауқымды талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр, себебі бұл білім беру стандарттарында белгіленген, критерийлерге негізделген бағалау. Қазір біз бөлек бағалауларды енгізіп жатырмыз – диктант, шығарма жазу, мазмұндамалар. Сондықтан біз ТЖБ-дан біртіндеп бас тартуды ойластырып жатырмыз", - деді Жұлдыз Сүлейменова.
Министр Тамыз конференциясында қай сыныптар үшін бұл бағалау қалатынын, ал кімдерге ауыстыратынымызды нақтылайтынын айтты.
"Оқушылардың тапсырмалары мен жауаптарын қарастырдық. Әрине кейбір жүйелер ТЖБ, БЖБ жауаптарын жүктемейді. Тамыз конференциясында қай сыныптар үшін бұл бағалау қалатынын, ал кімдерге ауыстыратынымызды нақты айтамыз", - деді министр.



