Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Менің орамалға келерім анық”: Айгүл Иманбаева дін тур

“Менің орамалға келерім анық”: Айгүл Иманбаева дін тур
Сурет: ашық дереккөз
Айгүл Иманбаева бір кездері өзге діннің жетегіне кете жаздаған.

Белгілі әнші Айгүл Иманбаева бір кездері діни ағымның ықпалына түсіп кете жаздағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

 

Бұл туралы журналист Назира Байырбекова берген сұхбатында айтқан.

2000-2001 жылдары Қазақстанға түрлі діни ағымдар көптеп келе бастаған кезеңде бір топтың ықпалына түскен.

 

«Кейін оның топ екенін, ағым екенін түсіндім. Біраз ұстаздарымыздың ықпалымен ол ортадан шықтым. Сол кезде өзіме: “Жаратушымды тану үшін міндетті түрде тұмшалануың керек пе?” деген сұрақ қойдым», – деді ол.

 

Оның сөзінше, орамал тағу – үлкен жауапкершілік пен ішкі дайындықты қажет ететін шешім.

 

«Мен имамдарға қарағанда ғалымдар мен теологтардан білім алғанды жөн көремін. Бірақ түптің түбінде менің орамалға келерім анық», – деп түйіндеді Айгүл Иманбаева.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар