Жаңа оқу жылында "Жеке қауіпсіздік" атты жаңа пән енгізіледі.
Еліміздің мектептерінде жол қозғалысы ережелері жеке пән ретінде қарастырылады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, 2026-2027 оқу жылында "Қазақстан балалары" бағдарламасы аясында "Жеке қауіпсіздік" атты жаңа пән енгізіледі.
"Бұл пән жол қозғалысы ережелерін, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мәселелерін қамтиды. Пән оқу бағдарламасына енгізіледі. Сондай-ақ жеке қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік тақырыптары болады. Балаларды оқытуда шешілуі қажет барлық өзекті мәселе ескерілді", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Бұл пәнді мұғалімдер мен психологтар оқытады және 5-9 сыныптарда енгізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Маусым айында Қазақстандағы тұрғын үй сатылымы сенімді өсім көрсетті
- авторkyn.kz
- 10 шілде, 2026
Қоғам
Алматыда кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды
- авторТомирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2026




