Қоғам
"Жаңбыр жауып, бұршақ түседі": 28-30 мамырға арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:01
- 8
Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Қазгидромет синоптиктері 28-30 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республика бойынша ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде бүкіл кезең бойы, 28 мамырда оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда, ал 28-29 мамыр күндері солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Күндізгі ауа температурасы:
- батыста 15-25 градус жылыға дейін төмендейді;
- кезеңнің басында солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 17-25 градусқа дейін төмендеп, кезең соңында 20-33 градусқа дейін көтеріледі;
- шығыста 15-25 градустан 20-30 градус жылы аралығында құбылады;
- оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кезең басында 20-28 градусқа дейін төмендеп, соңында 27-38 градусқа дейін көтеріледі.



