Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында синтетикалық есірткіні жасап, сатып жүрген азамат ұсталды

Алматы облысында синтетикалық есірткіні жасап, сатып жүрген азамат ұсталды
ҰҚК баспасөз қызметі
Оның үйін тінту кезінде есірткі жасайтын құрылғылар мен оған қажетті заттар табылды.

А.ж. мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың қызметін тоқтатты.Мәселен, Алматы облысында психотроптық заттарды дайындап жатқан жерінде Қазақстан азаматы ұсталды.

Тінту барысында 3 кг психотроптық «а-PVP» заты, кристалдану сатысындағы 15 кг өнім, 700 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген.

Қылмыстық кодекстің 297-1-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар