Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Блогер Қайсар Қамзаның Вьетнамда қамауда отырғаны белгілі болды

Блогер Қайсар Қамзаның Вьетнамда қамауда отырғаны белгілі болды
Сурет: alataunews.kz
Блогер Қайсар Қамзаның қайда екені белгілі болды.

Танымал блогер Қайсар Қамза Вьетнамда қамауда отыр. Оны елге қайтару мәселесімен Бас прокуратура айналысып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

"Ол Вьетнам аумағында қамауда отыр. Қазір оны экстрадициялау мәселесін қарауға байланысты іс-шара жалғасып жатыр. Экстрадиция мәселесі Бас прокуратураның құзыретінде және осы органдар тарапынан тиісті мәлімдеме болады", - деді Сыртқы істер министрлігі өкілі Ерлан Жетібаев.

Бұған дейін блогер әлеуметтік желіде видео жариялап, бостандықта жүргенін, тек тиісті органдар құжатын алғанын айтқан еді. Алайда Сыртқы істер министрлігі оның қамауда екенін нақтылаған. 

Еске салайық, бұған дейін блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Интерпол арналары арқылы Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген блогерді ұстаған еді.

Заңсыз әрекеттер нәтижесінде күдікті 100 млн теңгеден аса заңсыз табыс тапқаны, ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылғаны айтылды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар