Қоғам
Маңғыстауда әткеншекте ойнап жүрген 12 жасар бала көз жұмды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:50
- 37
12 жасар бала аулада орнатылған қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүрген кезде жазатайым оқиғаға ұшырады.
Маңғыстау облысында әткеншекте ойнап жүрген 12 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында орын алды.
1 маусым күні полицияға Атамекен ауылындағы үйлердің бірінде кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.
Алдын ала мәлімет бойынша, 12 жасар бала аулада орнатылған қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүрген кезде жазатайым оқиғаға ұшырап, алған жарақаттарынан көз жұмған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайларын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Құқық қорғау органдары тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттың жарияланбайтынын мәлімдеді.



