Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Халқымның алдында басымды иемін": Мөлдір Әуелбекова қазақстандықтарға үндеу жасады

"Халқымның алдында басымды иемін": Мөлдір Әуелбекова қазақстандықтарға үндеу жасады
Сурет: ашық дереккөздерден
Мөлдір Әуелбекова қазақстандықтарға алғыс айтты.

Қазақстандық әнші, KeshYOU тобының бұрынғы солисі Мөлдір Әуелбекова қазақстандықтарға қолдауы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сахнада өнер көрсетіп тұрған сәтінен видеолар жариялады.

“Қазақтың пейіліндей пейіл жоқ шығар, сірә. Қазақтың ұлылығы байлығында емес, жүрегінің кеңдігінде. Сол кең пейілдің арқасында барлық өнер адамы шалқып өмір сүріп жүр. Өйткені қазақ халқы өнерді де, өнер иесін де әрдайым төбесіне көтерген. Осындай кең жүректі, мейірімді, жомарт халқым барда біз әрдайым баймыз. Бар жақсылығын үнсіз жасайтын халқымның алдында басымды иемін. Сіздерге ән арнаудан ешқашан жалықпаймын. Шіркін-ай, шіркін-ай, кең пейіл жұртым ай. Рақмет саған, халқым”, – деп жазды Мөлдір.

Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, жылы пікірлер қалдырды.

«Нағыз талант иесі. Оттағандарға бір кг тұз жібере салайын, жалап жатсын», «Мөлдір, ешкімге мән бермеңіз, сіз мықтысыз! Дауысыңыз керемет!», «Жаса қазағымның біртуар әншісі. Өнерін өрге жүзсін» деп жазды желі қолданушылары.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар