Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев қашан Құрылтай сайлауы өтетінін және Қазақстан Халық Кеңесі құрылатынын айтты

Тоқаев қашан Құрылтай сайлауы өтетінін және Қазақстан Халық Кеңесі құрылатынын айтты
Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі
Конституция – Қазақстанның алдағы ондаған жылдарға арналған басты заңы.

Мемлекеттік рәміздер күніне орай ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция мен елдегі өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституция – Қазақстанның алдағы ондаған жылдарға арналған басты заңы. Дәл осы Ата заң халқымызды әлемдік өркениеттің жаңа белестеріне бастайды.

"Технологиялық жетістіктер, саяси дүрбелеңдер, әскери қақтығыстар белең алып жатқан қазіргі дәуірде Негізгі заңымыздың жол нұсқаушы темірқазық ретіндегі маңызы еселене түседі.Еліміздің бас құжаты – Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Тамыз айында бір палаталы Құрылтай сайлауы өтеді, ал қыркүйекте Қазақстан Халық Кеңесі құрылады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент елдің ауқымды өзгерістер кезеңіне аяқ басатынын айтты.

"Қазірдің өзінде халқымыздың болмысы, құндылықтары, сана-сезімі, тіпті, дүниетанымы өзгеріп жатыр. Азаматтарымыздың басым көпшілігі заңға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті нығайту стратегиясын қолдайды, сондай-ақ "Таза Қазақстан" акциясына белсене қатысады", - деді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар