Биыл зейнетақыны өсіру мәселесі қаралмаған.
Қазақстанда биыл зейнетақысы тағы өсе ме деген сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Журналистер Виктория Шегайдан 2026 жылғы инфляцияның өсуіне байланысты зейнетақыны индекстеле ме деп сұрады.
«Барлық зейнетақы төлемдері әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес жыл сайын индекстеледі. Бұл болжамда инфляция өсімінің орташа шекті деңгейі айқындалады. Ал жекелеген кезеңдерде және тек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғана қосымша индекстеу туралы шешім қабылданады», – деп түсіндірді ол Сенат кулуарында.
Виктория Шегайдың айтуынша, биыл мұндай тапсырмалар берілген жоқ, сондықтан қосымша индекстеу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Жамбыл облысында көшедегі қоқыс жәшігіне жаңа туған тірі сәбиді тастап кеткен
- авторkyn.kz
- 2 қыркүйек, 2026




