Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Домбыраны "ібілістің жыныс мүшесі" деген ақтөбелік 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Домбыраны "ібілістің жыныс мүшесі" деген ақтөбелік 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: видеодан скриншот
Алауыздықты қоздырған ақтөбелік ер адам сотталды.

Ақтөбеде желіде домбыра мен басқа да ішекті аспаптарды "харам" деп атаған ер адам үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы видео TikTok-та тараған болатын. Алауыздықты қоздырған ақтөбелік ер адам  сотталды. Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерін "тозақ иттері" деп атап, домбыраны "ібілістің жыныс мүшесімен" салыстырды.

"Ақтөбе қалалық №2 соты 174-баптың 1-бөлігі “Діни алауыздықты қоздыруға және ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетті немесе БАҚ пайдаланатын азаматтардың діни сезімдерін қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер” бойынша айыпталған К-ға қатысты қылмыстық істі қарады. 4 маусымдағы сот үкімімен сотталушы К кінәлі деп танылып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды", – деп хабарлады Ақтөбе қалалық №2 сотының баспасөз қызметі.

Ер адамның 35 жастағы Азат Қонысов екені белгілі болды. Сотта кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетінін және оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Үкім жарияланғаннан кейін сотталған адамның әкесі ұлы үшін кешірім сұрады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар