Астанада жүргізуші жасқспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 маусым, 2026
- 408
Астанада жол талғамайтын көлік жүргізушісі жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Аlmaty.tv жаңалықтарына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан ұл баланың жолдан жасыл шам жанғанда өтіп бара жатқаны анық көрінеді. Сол сәтте оны көлік қағып кеткен. Абырой болғанда, жасөспірім ауыр жарақат алмай, орнынан өзі тұрған.
Алайда жүргізуші тоқтап, баланың жағдайын білудің орнына, оқиға орнынан ізін суытыпты. Полицияның мәліметінше, жүргізушінің кім екені анықталған. Ал көлігі айып тұрағына қойылды.
"Жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Жаяу жүргіншінің жеке басы анықталып, оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерделенгеннен кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады", – деді полиция департаменті баспасөз қызметінің инспекторы Сайран Кильдибекова.
Жаңбыр, жел: 6 маусымға арналған ауа райы болжамы
Ұқсас жаңалықтар
«Altyn Orda» әлем кубогында қазақстандықтар 4 алтын медаль иеленді
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2026
Семейде 9-сынып оқушысы сыныптасын 15 жерінен пышақтап тастаған
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2026




