Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақнәр Гүлстанның өлімі: істе ешкім күдікті деп танылмаған

Ақнәр Гүлстанның өлімі: істе ешкім күдікті деп танылмаған
Сурет: ашық дереккөздерден
Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов жетінші қабаттан құлап қаза тапқан КИМЭП студенті Ақнәр Гүлстанның ісі туралы айтты.

2024 жылғы жазда жетінші қабаттан құлап қаза болған КИМЭП студенті Ақнәр Гүлстанның өлімі бойынша күдікті анықталмады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов айтты. Сөзінше, әлі де тергеу жалғасып жатыр. Сараптамалар мен іс бойынша материалдар Қытайға жіберілген. Себебі марқұм Қытайда тұрған және сонда оқыған. ІІМ оның жауабын күтіп отыр.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2024 жылғы шілдеде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. 22 жастағы студент жетінші қабаттан құлап, көз жұмды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар