Қоғам
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс: тергеу аяқталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 маусым, 2026
- 682
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты соталды тергеу аяқталды.
Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты соталды тергеу аяқталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді. Айтуынша, жәбірленуші тарап қылмыстық істің 7 томымен танысып, олардың көшірмесін алған.
"Бұл іс бойынша тергеу аяқталды. Қазір процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Осы процедура аяқталғаннан кейін іс сотқа жолданады. Танысу барысы туралы қосымша ақпарат кейінірек беріледі", - деді адвокат.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қазақстанда балағат сөйлегендерге енді айыппұл салынады
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қыркүйек, 2026




