"+35 градусқа дейін аптап ыстық": Астана мен Алматы қаласына алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:24
- 26
"Қазгидромет" мамандары Астана мен Алматыда ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
17 маусымда күн райы құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтіледі. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +31...+33 градус болады.
18 маусым күн райы құбылмалы, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +30...+32 градус жылы болады.
19 маусым күн райы құбылмалы, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +31...+33 градус болады.
Алматы қаласында 17 маусым күн райы құбылмалы, күндіз аздап жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз аптап ыстық - +33...+35 градус болады деп күтілуде.
18 маусым күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +31...+33 градус болады.
19 маусым күн райы құбылмалы, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +30...+32 градус жылы болады.



