Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Белгілі айтыскер ақын күйеуі екеуі жол апатынан қаза тапты

Белгілі айтыскер ақын күйеуі екеуі жол апатынан қаза тапты
Сурет: sotreport.kz
Айтыскер ақын жол апатынан қайтыс болды.

Белгілі айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі Салтанат Өтелбаева мен жұбайы жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бұл туралы марқұмның әріптесі Марғұлан Оспанов әлеуметтік желіде жазды.

"Суық хабарды жеткізуге мәжбүрмін. Жалған өмір-ай, десейші! Бүгін айтыскер ақын, мәдениет саласның үздігі, тарих ғылымдарының магистрі, Ыбырай Алтынсарин музейі басшысының орынбасары Салтанат Өтелбаева жол апатына түсіп, жұбайы Мырзабек Қасымов екеуі де қаза тапты. Жалғыз ұлы таңғы 9-да "аға, ата-анамнан айрылып қалдым" деп хабарласты. Бүгін қызы мектепті үздік бітіріп, қызыл аттестатын алатын күні еді. Үлгеремін деп асықты ма екен, Астанадан таңғы 4-те жолға шығып кетіпті", - деп жазды ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар