Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында суши дайындайтын орында тамақтанған 19 адам уланып қалды

Алматы облысында суши дайындайтын орында тамақтанған 19 адам уланып қалды
Сурет: neosushi.by
Бірнеше адам суши жасайтын орында уланып қалды.

Алматы облысында Боралдай кентіндегі "Алатау" базары аумағында орналасқан суши дайындайтын қоғамдық тамақтану орнында 19 адам тамақтан уланып қалған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Оқиға туралы алғаш хабарлама түскен сәттен бастап санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, денсаулық сақтау мекемелері, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылған.

"Қазір Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр. Зертханалық сараптама жасау үшін тағамнан сынама алынып, материалдар уәкілетті органдарға жолданды. Оқиғаның барлық мән-жайы толық анықталғанға дейін Sushi Time қоғамдық тамақтану орнының қызметі уақытша тоқтатылды. Оқиғаның нақты себептері зерттеулер мен тексеріс нәтижелері шыққаннан кейін белгілі болады", - деп жазылған хабарламада.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тұрғындарды қоғамдық тамақтану орындарын таңдауда сақ болуға шақырды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар