Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбе облысында ер адам желідегі посты үшін 500 мың теңге айыппұл төлейтін болды

Ақтөбе облысында ер адам желідегі посты үшін 500 мың теңге айыппұл төлейтін болды
Сурет: gazetacrimea.ru
Ер адам өзінің Instagram парақшасында жәбірленуші туралы жалған ақпарат жариялаған.

Ақтөбе облысында ер адам әйелдің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі танылып, айыппұл арқалады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі

Instagram желісінде жала жабу ісі Ақтөбе облысының Алғы аудандық сотында қаралды.

Ер адам өзінің Instagram парақшасында жәбірленуші туралы жалған ақпарат жариялаған. Бұл ақпарат оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және беделіне нұқсан келтіргені анықталды.

Тыңдау барысында сот құқықбұзушының өз кінәсін толық мойындағанын ескерді. Сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың жоғын атап өтті.

Сот ер адамды Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабының 2-бөлігі “жала жабу” бойынша кінәлі деп тапты. Оған 544 950 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар